“СТУДИЯ ЕРЕЖЕЛЕРІ”
1. Сіздің жайлылығыңыз үшін, егер сіз біздің прайспен және ережелерімізбен таныспасаңыз, студияны брондамауға кеңес береміз.
2. Егер Сіз уақытты брондасаңыз, Сіз студия ережелерімен автоматты түрде келісесіз, сондықтан Сізге ережені аяғына дейін мұқият оқып, танысуыңызды өтінеміз.
3. Брондау онлайн, біздің сайттағы күнтізбе бөлігінде немесе Instagram профиль тақырыпшасындағы күнтізбесіне белсенді сілтеме арқылы жүргізіледі. Сондай-ақ, сілтемені Whats app арқылы мына нөмір бойынша сұратуға болады:
+7 702 716 22 22
4. Зал прайс құнының 50% мөлшерінде кепілақы төленгеннен кейін брондалған болып саналады.
5.Егерде броньды 72 сағат (3 күн) бұрын жойған болсаңыз немесе ауыстырған жағдайда 100% кепілақы қайтарылады.
6. Студия 72 сағаттан (3 тәуліктен) аз уақыт ішінде броньды жойған немесе ауыстырған жағдайда, барлық кепілақыны өзіне қалдырады.
7. Броньды дәл сол күні жойған немесе ауыстырған жағдайда тұрақсыздық айыбы студия прайсының 100% құрайды.
8. Студияны брондаудың ең аз уақыты 1 сағаттан басталады, ол түсірілім процесі 50 минут және жиналу үшін 5-10 минут, сондай-ақ әкімші жабдықтар мен реквизиттерді тексеруден тұрады.
9. Әкімші Сіз алдын ала жиналуыңыз үшін Сіздің түсірілім уақыты аяқталғанға дейін 10 минут бұрын ескертеді.
10. Сіздің уақытыңыз аяқталуға 5 минут қалғанда әкімші залға келеді және Сізге түсірілім алаңын келесі клиенттерге бастапқы көрініске келтіруге көмектеседі.
11. Сізден кейін залды жалға алған студияның барлық қонақтарына құрметпен қарауды және залдан уақытында шығуды өтініп сұраймыз.
12. Егер Сіз жиналуға және киім ауыстыруға үлгермесеңіз, Сіз үшін асықпай жинала алатындай грим жасайтын бөлме бар. Біздің әкімшілер Сізге заттарыңызды тасуға қуана көмектеседі.
13. Түсірілім мерзімінен бұрын аяқталған немесе кешіккен жағдайда, брондалған уақытты төлеу бастапқыда мәлімделген броньға сәйкес толық жүргізіледі. Сондықтан кешікпеуіңізді сұраймыз.
14. Егер сіздің түсіріліміңізден кейін зал бос болса, Сіз оны факт бойынша қосымша төлем жасай отырып уақытты ұзарта аласыз. Түсірілім процесін ұзартқыңыз келетіні туралы әкімшіге міндетті түрде хабарлаңыз. Егер сіздің түсіріліміңізден кейін залда келесі жазба болса, түсірілім уақытын ұзарту мүмкін емес.
15. Егер Сіз залда кез келген себеппен бөгеліп қалатын болсаңыз, ол уақыт үшін қосымша төлем жасау қажет болады.
16. Түсірілім процесі басталғанға дейін Сіз біздің бет әрлеу және шаш сәндеу үшін арналған жалпы грим бөлменсін таңғы 10:00-ден бастап тегін пайдалана аласыз. Грим жасайтын бөлмені жұмыс уақытынан тыс уақытта (22:00 — 10:00 бастап) пайдаланған үшін сағатына қосымша 2000 тг төленеді.
17. Біздің студия дыбыс жазу жағына мамандандырылмаған, брондау кезінде осыны ескеріңіз. Студия сізге 100% тыныштыққа кепілдік бере алмайды!
18. Фонды жыртқаны, умаждағаны, бүлдіргені үшін бір погондық метрге 6000 теңге. Біз сұраныс бойынша қағаз фондарын өзгертуге көмектесеміз.
19. Біздің студияда жануарлармен бірге түсірілім болуы мүмкін, бірақ ол туралы әкімшілермен жеке келісіледі.
20. Бенгал отын, майшамды, кәдімгі отты немесе кез келген өртенгіш заттарды пайдалана отырып, түсірілім жасауға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
21. Егер Сіз тазалау үшін қосымша уақытты, кем дегенде 30 минутты брондасаңыз және төлесеңіз, мамықты, қарды, шөпті, конфеттиді қолдану арқылы түсіруге болады. Мүмкін болатын апат ауқымы әкімшімен келісіледі.
22. Сонымен қатар сұйық заттар қолданылатын және су толтырылған ваннада немесе душта түсірілімді әкімшімен алдын-ала келісіледі.
23. Түсірілімнен кейін кейінгі клиенттердің түсіру процесін бұзбау үшін СИНХРОНИЗАТОРДЫ ҚАЙТАРУДЫ ұмытпаңыз. Әкімші Сізге арнайы берген барлық затты әкімшінің өзіне қайтару қажет.
24. Жалға алушы студия жабдықтары мен реквизиттерінің бүлінгені немесе сынғаны үшін толық материалдық жауапкершілік алады және олардың нарықтық құнына сәйкес мөлшері мен көлеміндегі шығындарды өтеуге дайын болуға тиіс.
25. Студия залдарда қалған заттар үшін жауапкершілік алмайды, бірақ мүмкіндігінше оларды 2 аптаға дейінгі кезеңде сақтайды. Содан кейін біздің ол заттарды мұқтаж жандарға беруге құқығымыз бар.
26. Сізден студияның барлық қонақтарына құрмет көрсетуіңізді, фотографтың рұқсатынсыз оның түсірілім процесіне араласпауыңызды сұраймыз.
27. Түсірілім залдарындағы тазалықты сақтау үшін өзіңізбен бірге АУЫСТЫРАТЫН және ТАЗА аяқ киім болуы қажет. Бұл туралы барлық түсірілім қатысушыларына ескертуіңізді өтінеміз. Егер Сіз ауыстыратын аяқ киіміңізді ұмытып кетсеңіз, біздің әкімші Сізге студияға арналған аяқ киімдерді ұсынуы мүмкін.
28. Циклорама жуып кетірірілмейтіндей бүлінген немесе ластанған болса 15 000 теңге айыппұл алынады.
29. Фотографты, видеографты және басқа да қатысушыларды қоса алғанда, залдардағы адамдардың рұқсат етілген саны
Мақатаев көшесіндегі филиалда:
Классикалық, fashion, Фьюжн, Forest — 15 адамға дейін
Сказочный және Нордик, Шими — 10 адамға дейін
Радостовца көшесіндегі филиалда:
Лайтрум, Да винчи, Валенсия — 20 адамға дейін
Бруклин, Dark, Urban, Moon, Wood, Кухня — 12 адамға дейін
30. Егер адам саны рұқсат етілгеннен асса, әрбір қатысушы үшін 1000 теңге қосымша төлем төленеді.
31. Студияда темекі шегуге және алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде болуға тыйым салынады.
32. Мектеп альбомдарын түсіру кезінде мыналарды есте сақтау керек:
- Оқушылармен бірге тәртіпті бақылайтын бірге жүретін адам болуға тиіс.
- Біздің студияда дыбыс жиі жазылады, сондықтан дәлізде де, залда да тыныштықты сақтау өте маңызды.
- Топ түсірілімге дейін 10 минуттан артық емес уақытта студияның холына кіре алады.
- Ауыстыратын аяқ киімнің және табанында ақ желімтаспаның болуы міндетті!
- Циклорама ластанған жағдайда біз 15 000 теңге көлемінде айыппұл тағайындауға құқылымыз.
Сондай-ақ залды сіз бізден қалай қабылдадыңыз, сол күйінде қалдыру қажет. Егер шарттар орындалмаса, біз тазалау үшін айыппұл төлете аламыз.
Біздің ережелерімізге мұқият қарауыңызды сұраймыз!
33. Өкшелі аяқ киіммен биді түсіру:
Мұндай түсірілім үшін біз арнайы өлшемі 4-тен 5 м-ге дейін би линолеумын сатып алдық. Линолеум алдын ала бронь бойынша тегін беріледі:
1. Өкшелі аяқ киіммен биді түсіруге барлық залдарда линолеумды пайдалану арқылы ғана рұқсат етіледі, тек мыналардан басқа:
— Urban және Валенсия (линолеум жоқ)
— Да Винчи (линолеуммен тек циклорамада)
2. Линолеумды пайдаланбай циклорамада өкшелі аяқ киіммен билеуге тыйым салынады!
3. Түсірілім сіз үшін де, біз үшін де жайлы болуы үшін, бишілерге ауыстыратын аяқ киімінің таза, жарамды (шеге сияқты өткір элементтерсіз) және табаны із қалдырмайтындай, еденді боямайтындай немесе сызбайтындай болуын алдын ала ескертуді сұраймыз.
4. Егер түсірілім линолеумды пайдаланбай жүргізілсе, сіз еденге қатты зақым келтірген жағдайда немесе оны бояу қажет болған жағдайда автоматты түрде қосымша ақы төлеуге келісесіз.
5. Грим жасайтын бөлме — жалпы аймақ. Өтінеміз, тәртіпті сақтаңыз.
34. Біздің студияда іс-шараны брондау кезінде мыналарды міндетті түрде ескеріңіз:
1. Әрбір қосымша қатысушы үшін қосымша ақы — залда рұқсат етілген саннан жоғары 1000 теңге.
2. Жабдықтарды, декорацияларды, баннерлерді монтаждау/бөлшектеу, клининг және басқа да дайындық жұмыстары үшін қосымша уақытты брондау қажет.
3. Іс-шарадан кейін залда клининг ұйымдастыру ұйымдастырушыға жүктеледі.
4. Қосымша жабдықтар мен декорацияларды тасу үшін жауапкершілік сізге жүктеледі, өйткені бізде жүк тасушылар қызметтері қарастырылмаған.
5. Барлық қатысушыларға ауыстыратын таза аяқ киімнің қажеттілігі туралы алдын ала хабарлануға тиіс.
6. Егер декорация, реквизиттер, қабырғалар немесе едендер бүлінген болса, сіз оның өлшеміне сәйкес залалды төлеуіңіз керек.
Сондай-ақ, іс-шарадан кейін залды студия әкімшілеріне қабылдайтын және тапсыратын сіздің ұйымдастырушы немесе үйлестіруші болуға тиіс. Есіңізде болсын, залды бізден қалай қабылдасаңыз, сол күйінде тапсыруыңыз қажет.
Сізді кез келген уақытта көргенімізге қуаныштымыз.